Бұл туралы mangystaumedia.kz сайты ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
23 тамызда Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында жеке тұрғын үйдің ауласында ересектердің қарауынсыз қалған 2012 жылы туған бала қолдан жасалған балалар әткеншегінде көз жұмды, делінген ақпаратта.
Комитеттің мәліметінше, өткен демалыс күндері елде балаларға қатысты 7 оқыс оқиға болған. Оның ішінде 3 бала көз жұмып, 5 бала ауруханаға жатқызылған.