Шетпе кентіндегі «Жаңа орпа» шағын ауданының №2 көшесі бойындағы асфальт жолдан 6 сынама алынып, соның төртеуінен бірқатар кемшілік анықталды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Сондай-ақ, «Ащыбұлақ» шағын ауданындағы Е.Қосбаев атындағы көше жолы мен №7 орта мектеп - «Каспий цемент» зауыты аралығындағы трассадан 7 сынама алынып, барлығы нормативтік-техникалық құжаттар талаптарына сәйкес келмейтіні белгілі болды.
Бақылау нәтижесі құзырлы органға және жолға тапсырыс беруші мемлекеттік мекеме, мердігер мекемеге қызметтік хат түрінде жолданған.
Айта кетейік, «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» шілде айында Шетпе кентіндегі асфальт жолдардың құрылысына бақылау жүргізді.