Бұл туралы mangystaumedia.kz «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығына» сілтеме жасап хабарлайды.
Түпқараған ауданындағы Ақшұқыр ауылында салынып жатқан асфальт жол материалдарының сапасы нормативтік-техникалық құжаттар талаптарына сәйкес келмейді.
«Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» филиалының қызметкерлері шілде айының соңында «Сапалы жол - Адалдық алаңы» бағдарламасы аясында асфальт жол құрылысының сапасына бақылау жүргізген. Бақылау шарасы кезінде Б.Сәрсенов көшесіндегі №31, №61 және №73 үйлердің жанындағы көлік жолдарынан үш сынама алынған.
Анықталған кемшіліктер ҚР СЖҚІҚА аймақтық департаментіне, Түпқараған аудандық ТҮКШ бөліміне қызметтік хат түрінде, ал хаттың көшірмесі «Ақ жол құрылыс» ЖШС мен арнайы мониторингтік топ жетекшісіне жолданған.