Қазіргі таңда жоспарлы түрде 1993-2002 жылдары аралығында туған азаматтарды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне, ҚР ІІМ Ұлттық ұлан әскерлері қатарына мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстары кешенді жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Көктемгі мерзімді әскерге шақыру жұмыстарының жоспары бойынша шақыруға жататын азаматтарға жан-жақты зерделеу жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, әскерге шақырылушының мінезі мен бейімділіктері, отбасының жағдайы, қоғамдық жұмысқа араласуы, білімі, мамандығы, діни сенімі, емдеу мекемелерінде диспансерлік есепте болмауы, өзі және жақын туыстарының қылмыстық жауапкершілікке тартылмағандығы, соттылығы туралы, әскерге шақырылушылар мен ата-аналарымен жеке сөйлесулер. Жан-жақты жүргізілген зерттеудің нәтижесінде бүгінгі таңда Түпқараған ауданынан әскер қатарына 30 жігіт жіберілді. Жалпы Маңғыстау облысы бойынша 650 адам әскерге аттанды.
Әскерге шақыруды ұйымдастыруды жоспарлау, азаматтардың басқа өңірлерде әскери қызмет атқаруын көздейді. Мысалы батыс өңірдің азаматы шығыс немесе оңтүстік өңірінде қызмет өткереді. Мұндай ұстаным жастардың басқа климаттық жағдайға бейімделуіне қамтамасыз етеді және дене шымырлығын нығайтуға ықпал етеді.
Бүгінгі таңда елді елеңдеткен өзекті мәселе – коронавирустық инфекцияның таралуы болып отыр. Індеттен сақтану және алдын-алу шараларын күшейту мақсатында әскерге шақыру пункттерінің кіреберіс жерлерінде келген барлық азаматтарға байланыссыз термометр арқылы дене қызуын өлшеу жұмысын жүргізетін арнайы медициналық бақылау бекеті ұйымдастырылды. Сонымен қатар медициналық тексерулер екі метрден кем емес арақашықтықты сақтай отырып, өткізілді, сауалнама жүргізу арқылы, туыстарының арасында вирус жұқтырған немесе жұқтырғандармен байланыста болған-болмағаны, шетелге шыққаны анықталады. Шақыру пунктінде барлық бөлмелер, киім ауыстыратын орындары санитарлық нормалар сақтай отырыпкүніне кемінде екі рет желдетіліп, дезинфекциялау жұмыстары жүргізілді.Медициналық комиссия мүшелері және әскерге шақырылушылар жеке қорғаныс құралдарымен аудан әкімшілігі тарапынан толық қамтамасыз етілді.
Ал әскери бөлімдерге келген кезде жас сарбаздар 14 күн карантинде болады, яғни оқшауланып, санитарлық нормалар сақталады. Сарбаздардың денсаулығы үнемі медициналық қызметкерлердің бақылауында болады. Сақтық шараларының қатаң сақталуына баса назар аударылады.
Бейбіт уақытта әскерге шақырудан төмендегідей құқығы бар азаматтар босатылады:
1) отбасылық жағдай бойынша;
2) жалпы орта білімнен кейін жоғары (орта) білімін жалғастыру үшін;
3) денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамсыз деп танылғандар;
4) басқа себептер бойынша, мысалы;
а) ауылдың дәрігерлері,
ә) парламент депутаттарына немесе жергілікті өкілетті органдарының олардың мерзімге өкілеттігі;
б) тергеуде жүрген тұлғалар;
в)азаматтық жаздық авициялық экипаждарының ұшу мүшелері;
г) экипаж мүшелері;
ғ) білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне, құқық қорғау органдарыны білім беру ұйымдарына даярлықтан өтіп жатқан азаматтарға – жұмыс істеп жүрген барлық кезеңіне беріледі.
Әскери қызметте баламалы қызмет өткеру жөнінде азаматтар Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Әскери-техникалық мектебі» Атырау филиалында әскери оқытылған резервті даярлау бағдарламасы бойынша ақылы негізде өте алады. Негізгі мақсат – әскери техникалық мамандар дайындап шығару. Бұл ретте, Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы Заңына сәйкес, әскери-техникалық мектепте өтеулі негізде тиісті мамандықтарбойынша даярлау жүзеге асырылады.Оқу мерзімі - 40 (қырық) тәулік, құны – 263 318 (екі жүз алпыс үш мың үш жүз он сегіз) теңге. Оқуға 24 жастан 27 жасқа дейінгі, денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамды немесе шектеулі жарамды, оның ішінде әскерге шақыру кейінге қалдырылған азаматтар тартылады.