Шетелдік азамат Маңғыстаудағы полицейге пара беруге тырысты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Нигерия азаматы Маңғыстау облысының аумағында кедергісіз жұмыс істеу және заңсыз қызметін жүзеге асыру үшін көші-қон полициясының қызметкеріне пара бермек болған. Маңғыстау облысы полиция департаментінің аға инспекторы Қуат Канбаев ақшадан бас тартып, бұл факті туралы жеке қауіпсіздік басқармасына баяндаған.
Шетелдік азамат ұсталып, аталған жайтқа байланысты ҚР ҚК-нің 367-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Ұсталған адамға қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды. Материал іс жүргізу шешімін қабылдау үшін сотқа жіберілді.