Маңғыстау облыстық Ассамблея мүшелері 1 млн теңге қаражатқа ауруханаға қажетті жабдықтар алып берді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Олар 150 дана төсекқап, 200 дана оттегі түтікшесін және 10 катетер сатып алған. Бұл жабдықтар түгелдей провизорлық стационарға көшкен облыстық ауруханаға берілді.
Барлық затты ауруханаға жеткіздік. Оларды бас дәрігер мен оның орынбасарына табыстадық, - дейді Маңғыстау облыстық Ассамблея мүшесі Фатима Биркле.