Биыл «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында Бейнеу ауылының жеті көшесіне асфальт төселеді. Аудандағы Ер Шабай, Н.Оңғалбаев, Мендіқұл, Жайылған, Ақтан Керей, Ыбырайым Ахун және А.Байтұрсынов көшелеріне 246 140,0 теңге жұмсалады.
Бұл жобаға бөлінген қаржының 90% республикалық бюджеттен, 10% жергілікті бюджеттен бөлінеді. Қазіргі таңда «Бейнеужолдары» ЖШС мердігер мекеме Ыбырайым Ахун және А.Байтұрсынов көшелерінде өз жұмысын бастап кетті. Жаңадан ашылған жұмыс орнына үш адам аудандық жұмыспен қамту орталығының жолдамасымен жұмысқа орналасты. Жалақысы – 60 мың мен 100 мың теңге аралығы.
«Ауылдардың жағдайын жақсартып, ауыл халқының тұрмыс өресін көтеру үшін қолға алынған «Ауыл - ел бесігі» жобасы ауданымыздағы Бейнеу ауылының дамуына үлкен үлес қосуда. Осы жоба аясында ел дамуының алтын бесігі болған ауылдарымыз қарқынды дамып келеді. Бұл жоба алдағы уақытта бұдан да үлкен жетістіктерге бастайтыны сөзсіз» - деді аудан әкімі Бейнеубек Әбілов.
Айта кетейік, былтыр осы жоба арқылы Бейнеу ауылындағы ұзындығы 7 000 шақырымнан асатын ауылішілік 6 көшеге асфальт төселген болатын. Жалпы құны – 189 766,0 теңгелік асфальт төселген болатын. Нақтырақ айтқанда Ж. Аймауытов, Тастемір, Абай, Сүйеубаев және Асау батыр мен Амантұрлы батыр көшелеріне төселді.