Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев карантин тағы екі аптаға созылатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
«Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты карантин режимі тағы екі аптаға созылып, шілденің соңына дейін жалғасады. Ертең Үкіметтік комиссия шешім қабылдайды. Азаматтарымыз денсаулығын сақтау үшін карантиннің негізгі талабы - өзін-өзі оқшаулау шарасын қатаң ұстануы қажет» - деп жазды Twitter парақшасында Қасым-Жомарт Тоқаев.