Ақтауда медицина мамандары «Nur Plaza», «Көктем», «Анталия» және «Арман» қонақ үйлеріне орналастырылды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Осы орайда «Nur Otan» партиясының бастамасымен дәрігерлер қызметін қамтамасыз ету және қолдау мақсатында «Қаражанбасмұнай» АҚ, «Каз Азот» АҚ, «Каспий Битум» ЖШС, «МАЭК-Казатомпром» ЖШС және депутаттық фракция мүшелері медициналық қызметкерлер орналасқан қонақ үйлерге күнделікті қажетті сүт өнімдері мен көкөніс, жеміс жидектер әкеліп жатыр.
Сонымен қатар медицина қызметкерлерінің үздіксіз жұмысын жүйелендіру мақсатында «Nur Otan» партиясы дәрігерлерге 5 арнайы микроавтобус берді.
Айта кетейік, қазіргі таңда Маңғыстауда қауіпті індет жұқтырған науқастарды емдеу үшін 400-ге жуық медицина маманы үздіксіз қызмет етіп жүр.