Өңірлік «Birgemiz – Mangystau» қорына барлығы 120 650 000 теңге көлемінде қаражат бөлінді. «Birgemiz» акциясы аясында 2 413 адамның шотына 50 000 теңге аударылды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Әкімдер мен әлеуметтік қорғау органдары ұсынған көмек алушылар тізімдеріне сәйкес табыс деңгейі ең төмен әлеуметтік әлсіз топтардан құралған азаматтарға 7 санат бойынша қаржылай көмек көрсетілу көзделген болатын. Қазіргі таңда 4 санат бойынша 918 Маңғыстау ауданының тұрғынына, 752 түпқарағандық азаматқа және мұнайлылық 743 адамға қаражат аударылды.
Еске сала кетейік, «Nur Otan» партиясының төрағасы Н.Назарбаевтың бастамасымен «Birgemiz» акциясы өз жұмысын бастаған. Акция аясында «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына қолдау көрсету жұмыстарын жүргізіп келеді.