Құрметті журналистер!
Дәстүрлі төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!
Сіздерді бұқара халықтың кем-кетігін түгендеп, елдің әл-ахуалы мен тұрмыс-тіршілігін жіті назарда ұстайтын, елдік мәселені елеусіз қалдырмайтын – қоғам сақшысы, төртінші билік өкілі деп білеміз.
Журналист - елдегі жаңалықтың басында жүрген әрі қоғамдық ойға түрткі бола білген, әрқашан ақиқатқа сүйене отырып әділ әрекет ететін мамандық иесі. Бүгінгідей аласапыран ақпаратта, жаңалығы мың құбылған заманда тілшілік қызметтің маңызы аса зор.
Сіздер әрқашан үлкен істердің ұйытқысы ретінде қалтқысыз еткен еңбектеріңіз үшін сый-құрметке лайықсыздар!
Баршаңызға шығармашылық шабыт, жұмыстарыңызға табыс тілеймін!
Құрметпен, Маңғыстау облысының әкімі С.Трұмов