25 маусым күні «Сапалы жол» жобасының шеңберінде Департамент мамандары мен «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК өкілдерімен, тапсырыс беруші «Маңғыстау облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары» басқармасы және мердігер мекеме «Алтын Құрық» ЖШС өкілдерінің қатысуымен «Жыңғылды – Шайыр – Шерқала» тас жолына кезекті мониторинг жұмыстары жүргізілді.
Мониторинг жол салу кезінде осы уақытқа дейін анықталған жолдың тығыздық коэффициенті мен асфальт қалыңдығының сәйкес келмеуі сияқты кемшіліктердің жойылғаны не жойылмағанын анықтау мақсатында жүргізілді.
Алдағы уақытта мониторинг жұмыстары облыстағы басқа да тас жолдарға жүргізіледі.