Маңғыстауда 27, 28 маусым күндері бірнеше нысанның жұмысы уақытша тоқтайды. Бұл туралы облыстың бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерғали Сыдыманов мәлімдеді, - деп хабарлайды mangyustaumedia.kz сайты.
Облыстың бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерғали Сыдымановтың қаулысы бойынша алдағы демалыс күндері қоғамдық орындардың: саябақтардың, скверлердің, жағалау мен аквапарктердің жұмысы тоқтайды.
Барлық базар мен фитнес клубтардың қызметі, сонымен қатар ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлерінің жұмысы тоқтайды. (Ондағы, ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлеріндегі азық-түлік, дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдарды сататын дүкендер мен бөлімдердің жұмысы тоқтатылмайды, жалғаса береді).
Талаптарды бұзған жағдайда заң бойынша шара қабылданады.