Маңғыстау облысында әлі бір жасқа толмаған сәбиден коронавирус анықталды. Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі комиссияның телеграм каналы жазды.
ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 вирусы Ақтау қаласында 1989 жылы туған әйел адам, 2 ер адамнан: 1978, 1975 жылы туған және 2 кішкентай балада: 2020, 2010 жылы туған, Бейнеу ауданында 3 әйел адамнан: 1939, 1967, 1966 жылы туған және 3 ер адамнан: 1978, 1965, 1990 жылы туған, Мұнайлы ауданында 1 әйел адамнан: 1976жылы туған, 3 ер адамнан: 1986, 1975, 1972 жылы туған, және 1 кішкентай балада: 2011 жылы туған, Түпқараған ауданында 2 ер адамда: 1958 және 1989 жылы туған, науқастарда нақтыланды. Барлығы тиісінше жұқпалы аурулар стационарына жатқызылған.
Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем алып жатыр.
Профилактикалық іс-шараларды жүргізу үшін науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталуда.
Ауру ошақтарында дезинфекция жасалды.