Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов қала әкімі Ғалымжан Ниязовқа сөгіс берді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Аймақ басшысы аппараттық жиын барысында қаладағы жасыл желектердің уақытылы суарылмауын сынға алды.
Айта кетейік, бүгін облыс әкімі аппараттық жиын өткізді. Онда бірқатар жауапты тұлғалардың жұмыс ұйымдастыруының сапасы төмен екенін айтты.