Маңғыстау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 4 адам тіркелді. Ақтау қаласында - 1, Бейнеу ауданында - 3. COVID-19 жұқтырған 4 адамның барлығы да - ересек, деп хабарлайды МО ҚКО.
Бірінші науқас - 1976 жылғы әйел адам, Бейнеу ауданының тұрғыны. Науқас індетті жұқтырған адамдармен байланыста болған.
Екінші және үшінші науқас - 1994 жылғы ер адамдар, Бейнеу ауданы, Бейнеу ауылының тұрғындары. Вирус дәрігерге қаралған кезде анықталды.
Төртінші науқас - 1995 жылғы ер адам, Ақтау қаласының тұрғыны. Вирус дәрігерге қаралған кезде анықталды.
Қазіргі таңда бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынды. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.
06.06.2020 ж. жағдай бойынша өңірде барлығы 323 адамнан COVID-19 вирусы анықталды.
Ақтауда – 78
Жаңаөзенде – 31
Маңғыстау ауданында – 14
Мұнайлы ауданында – 18
Қарақия ауданы – 47
Бейнеу ауданында - 128
Түпқараған ауданында – 7
Жазылып шыққаны – 162
Қайтыс болған – 1