Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.
ҰҚК Шекара қызметі Маңғыстау, Атырау және Батыс Қазақстан облыстары бойынша департаменттері ішкі істер органдары мен экология, геология және табиғи ресурстар аумақтық бөлімшелерімен бірлесіп, 1 сәуір мен 31 мамыр кезеңінде «Бекіре» ірі ауқымды балық қорғау акциясын жүргізді.
Нәтижесінде 1078, оның ішінде Атырау облысының аумағында 841, Маңғыстау облысында 65 және Батыс Қазақстан облысында 172 табиғат қорғау заңнамасын бұзушылыққа жол берілмеді.
Бірлескен күш-жігермен 706 бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 33 қылмыс жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Құқық бұзушыларға 11,2 млн теңге сомасына әкімшілік айыппұл салынды.
Балық қорғау, полиция және Шекара қызметі қызметкерлері заңсыз айналымнан 13,6 тонна балық (оның ішінде 943,6 кг бекіре тектес, 16,34 кг бекіре тектес балық уылдырығы), 406 бірлік аулау құралын, 104 бірлік жүзу құралы мен 10 бірлік көлік құралын алды. Мамандардың есебі бойынша 1 млрд теңгеден артық мөлшердегі залалға жол берілмеді.
Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың нұсқауларын іске асыру шеңберінде қылмыстық заңнамада балық, жануарлар ресурстарын немесе өсімдіктерді заңсыз алу үшін жаза қатаңдатылды. Жалпы 2019 жылы шекарашылардың қызметтік-жауынгерлік қызметі барысында жануарлар әлемін қорғау және өсіру саласында сомасы 4 млрд теңгеден артық залалға жол берілмеді.