Маңғыстау облысында коронавирус жұқтырған тағы 6 адам анықталды. Олардың барлығы Бейнеу ауданының тұрғындары, деп хабарлайды МО ҚКО.
Бірінші науқас - 1970 жылы туған ер адам;
Екінші науқас - 2002 жылы туған қыз бала;
Үшінші науқас - 2010 жылы туған қыз бала;
Төртінші науқас - 2001 жылы туған қыз бала;
Бесінші науқас - 2013 жылы туған қыз бала.
Бұл 5 науқас коронавирустық инфекция жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, олардан зертханалық сынама алынған. ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы нақтыланды.
Ал енді алтыншы науқас скрининг кезінде анықталды. Науқастан сынама алынып, ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы нақтыланды. Ол - 1973 жылы туған әйел адам.
Қазіргі уақытта барлық науқас Бейнеу аудандық ауруханасына жатқызылды. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Науқастармен байланыста болған адамдар анықталуда. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді. Эпидемияға қарсы іс-шаралар қолға алынған.
16.05.2020 ж. жағдай бойынша өңірде барлығы 147 адамнан COVID-19 вирусы анықталды:
Ақтауда – 32;
Жаңаөзенде – 23;
Маңғыстау ауданында – 7;
Мұнайлы ауданында – 4;
Қарақия ауданы – 30;
Бейнеу ауданы – 51;
Жазылып шыққаны – 40;
Қайтыс болған – 1.