Бұл туралы облыстық қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте МО энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Орынбасаров айтты, деп хабарлайды МО қоғамдық коммуникация орталығы.
Коммуналдық қызмет көрсетушілерге шығындарды өтеу туралы ережесіне сәйкес, халықтың әлеуметтік осал тобының келесі 7 санаты бойынша жеке шоты бар адамдарға көмек беріледі.
Маңғыстау облысы бойынша халықтың әлеуметтік топтарының саны - 73 646. Жергілікті әкімдіктерде колл орталықтары жұмыс істеп, өтінімдер қабылдануда. Бүгінгі күні коммуналдық төлемдер үшін 15 000 теңге бойынша осы уақытқа дейін халық тарапынан 26 568 өтінім түсті. Коммуналдық мекемелермен бірлесіп, азаматтардың жеке дербес шоттарын растау жұмыстары жүргізілуде.
Ережеге сәйкес, төлемдер сәуір айы үшін мамыр айында, мамыр айы үшін маусым айында төленетін болады.
Бұл мақсаттарға республикалық бюджеттен облысымызға 2,2 млрд теңге қаражат бөлінді, оның ішінде:
Ақтау қаласы – 547,2 млн теңге;
Жаңазен қаласы – 431,7 млн теңге;
Бейнеу ауданы – 219,0 млн теңге;
Мұнайлы ауданы – 606,1 млн теңге;
Маңғыстау ауданы – 183,3 млн теңге;
Қарақия ауданы – 132,4 млн теңге;
Түпқараған ауданы – 83,4 млн теңге.
Естеріңізге сала кетейік, коммуналдық төлемге қатысты сұрақтар мен өтініштер бойынша арнайы call-орталық жұмыс істейді.
Ақтау қаласы бойынша 30-11-55, «Whatsapp» желісі 8775 400 09 96
Өмірзақ ауылы бойынша 44-53-97, «Whatsapp» желісі 8701 563 51 71, 8701 477 48 22