1993 жылдан БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарымен бекітілген.
Бұл күнді белгілеу әлемдік қауымдастықтың отбасының қазіргі жағдайы мен оның қоғам өміріндегі және өскелең ұрпақ тәрбиесіндегі маңызына алаңдаушылық туғызуына орай жүзеге асып отыр.
Ұлттық құндылықтардың бастауы – отбасы. «Отан – отбасынан басталады» дегендей Отанды сүю - отбасынан басталады. Себебі, отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Баршаңызды мерейлі мерекемен құттықтай отырып, отбасыларыңызға береке, шаңырақтарыңызға шаттық тілейміз!