Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша халықты төтенше жағдай кезінде, сондай-ақ осы кезеңнен кейін жұмыспен қамтамасыз ету үшін Маңғыстау облысында "Жұмыспен қамтудың жол картасы" әзірленді және бекітілді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес «Nur Otan» партиясы карантин кезеңінде партиялық бақылауды күшейтті. Осыған орай, «Nur Otan» партиясы тарапынан құрылыс жұмыстарына партиялық бақылау жасайтын 414 жауапты тұлға бекітілді. Олардың қатарында жергілікті Партиялық бақылау комиссияларының мүшелері, қоғам белсенділері, аудандық, қалалық және облыстық мәслихаттардың депутаттары бар.
Партиялық бақылау мониторинг тобының мүшелері «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының орынбасары Звира Есбергенова, «Nur Otan» партиясы Ақтау қалалық филиалының партиялық бақылау комиссиясының жетекшісі Шамсудин Гусейнов, қалалық білім бөлімінің басшысы Светлана Тулебаева Ақтау қаласындағы №2 ,9 және IT лицей, 29 шағын аудандағы орта мектепке барып, жөндеу жұмыстарымен танысты. Мониторинг тобының мүшелері жөндеу жұмыстарына бөлінген қаражаттың мақсатты жұмсалуы мен жөндеу жұмыстарына жергілікті мамандарды тартылуына партиялық бақылау жасайды. Мониторинг тобының дайындаған анықтамалары толық талданып, тиісті шешімдер қабылданатын болады.
"Маңғыстау облысы әкімінің тікелей тапсырмасына сәйкес облыс аумағындағы 144 нысанның құрылыс барысы партия тарапынан бақыланатын болады.Осыған байланысты барлық қалалар мен аудандарда жергілікті монитринг топтары құрылды. Ақтау қаласы аумағындағы мектептерде жүргізіліп жатырған жөндеу жұмыстарының барысымен жете танысып, қадағалауға кірісіп кеттік. Алдағы уақытта бұл жұмыс жүйелі жалғасын табады",- дейді Nur Otan партиясы Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының орынбасары З.Есбергенова.
Айта кету керек, Маңғыстау облысында жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кешенді жоспары әзірленді. 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы аясында 19 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылмақ. Оның сегіз мыңнан астамы – тұрақты жұмыс орындарымен.
Сондай-ақ:
Барлығы 144 жоба іске асырылатын болады, олар 8 911 жаңа жұмыс орнын, оның ішінде 400-ден астам тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.
Жол картасын жүзеге асыруға біздің облыс үшін 34 млрд. теңге қарастырылған.
Кешенді жоспарды іске асыру басталып кетті және ниет білдірушілер жергілікті жұмыспен қамту орталықтары мен бөлімдеріне хабарласа алады.
Голрох Жеменей