Олардың барлығы да «ТеңізШевройл» мекемесінің қызметкерлері. Вахтадан келген бойда олар бірден Ақтаудағы обсервациялық стационарға жатқызылды. Алынған сынама ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы нақтыланды. Олар осыған дейін тіркелген науқастармен байланыста болған, делінген ҚКО таратқан ақпаратта.
Бірінші науқас – 1998 жылғы ер адам. Мұнайлы ауданы, Басқұдық ауылының тұрғыны.
Екінші науқас – 1965 жылғы ер адам. Ақтау қаласының тұрғыны.
Үшінші науқас – Түпқараған ауданы, Сайын-Шапағатов аулының тұрғыны. 1998 жылғы ер адам.
Төртінші науқас – Түпқараған ауданы, Ақшұқыр аулының тұрғыны. 1976 жылғы ер адам.
Бесінші науқас – 22 жастағы әйел адам. Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылының тұрғыны.
Айта кетейік, олар Атыраудан келген бойда, үйлеріне бармай бірден карантинге жатқызылды. Қазір барлығы да дәрігерлердің бақылауында.
06.05.2020 ж. жағдай бойынша өңірде барлығы 95 адамнан COVID-19 вирусы анықталды:
Ақтауда – 28;
Жаңаөзенде – 18;
Маңғыстау ауданында – 4;
Мұнайлы ауданында – 4;
Қарақия ауданы – 29;
Бейнеу ауданы – 12;
Жазылып шыққаны – 11;
Қайтыс болған – 1.