Бүгін акушер-гинеколог дәрігерлер кесір тілігі арқылы әйелді босандырды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты МО ақпараттық қызметіне сілтеме жасап.
Салмағы 2,7 келі сау қыз дүниеге келген. Жаңа туған нәрестеден Covid-19-ға талдау алынған. Мамандар қазір нәтижесін күтіп отыр. Дәрігерлердің айтуынша, бала өзін жақсы сезінеді. Қазір ол провизорлық стационардың балалар палатасында жатыр. Нәрестені білікті медицина қызметкерлері үздіксіз қадағалайды.
Еске сала кетейік, провизорлық стационарға түскен науқас жүктіліктің 36-аптасында болған.
Коронавирус инфекциясы анықталып, босанған әйелдің жағдайы тұрақты деп бағаланды. Ол инфекциялық стационарда ем алуды жалғастырады.
Айта кетейік, вирус жұқтырған әйелді босандыру облыстық перинаталдық орталықтың, акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығының (Алматы), ахуалдық орталықтың (Нұр-сұлтан) мамандарымен келісілген.