Маңғыстау облысының коммуналдық төлемдері үшін тарифтер төмендетілді. Бұл туралы «Маңғыстау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап, төтенше жағдайдың қолданылу кезеңіне халық үшін келесі коммуналдық қызметтердің тарифтерін төмендетті:
1) «МАЭК-Казатомпром» ЖШС-ның Ақтау қаласы тұрғындары үшін:
- жылумен жабдықтау қызметінің тарифі ҚҚС-сыз Гкал үшін 2 392, 37 теңгеден 2 242,19 теңгеге дейін, яғни 6, 28%-ға;
Сумен жабдықтау қызметіне, соның ішінде:
- ауыз судың тарифі ҚҚС-сыз 1 м3 үшін с 199, 88 теңгеден 188, 19 теңгеге дейін немесе5, 85%-ға;
- ыстық судың тарифі ҚҚС-сыз 1 м3 үшін 180, 14 теңгеден 171, 52 теңгеге дейін немесе 4, 79%-ға ;
- техникалық судың тарифі ҚҚС-сыз 1 м3 үшін 93,66 теңгеден 90, 43 теңгеге, яғни 3, 45 %-ға;
2) су бұру қызметіне «Каспий жылу, су арнасы» ЖШС-ы Ақтау қаласының тұрғындарына ҚҚС-сыз 1 м3 үшін тарифті 54, 06 теңгеден 48, 65 теңгеге дейін төмендетті, яғни 10 %-ға;
3) жылумен жабдықтау қызметіне «Озенжылу» ЖШС-ы Жаңаөзен халқы үшін ҚҚС-сыз Гкал үшін тарифін2529, 9 теңгеден2276, 87 теңгеге, яғни 10%-ға;
4) су бұру қызметіне «Озенинвест» ЖШС-ы Жаңаөзен халқы үшін ҚҚС-сыз 1 м3 үшін тарифін 35, 72 теңгеден 32, 47 теңгеге дейін немесе 10%-ға;
5) жылумен жабдықтау қызметіне «МангистауЖылу»МКК-ы Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданының тұрғындарына ҚҚС-сыз Гкал үшін тарифін 2376, 12 теңгеден 2138, 5 теңгеге дейін немесе 10%-ға;
6) сумен жабдықтау қызметіне «Казводхоз»РМК-ы Басқұдық, Бекі ауылының тұрғындарына ҚҚС-сыз 1 м3 үшін тарифін 527, 23 теңгеден 500, 86 теңгеге немесе 1%-ға азайтты.
«Allianceenergosnab-Актау» ЖШС-ның филиалы электрэнергиясымен жабдықтау қызметі үшін:
1) Актау қаласы тұрғындары үшін:
- тарифті ҚҚС-сыз 1 кВтүшін 15,96 теңгеден 15, 20 теңгеге дейін, яғни 4, 76%-ға төмендетті;
2) Мұнайлы ауданының тұрғындары үшін:
- тарифті ҚҚС-сыз 1 кВт үшін 14, 43 теңгеден 13, 73 теңгеге дейін немесе 4, 85%-ға төмендетілді.
Сонымен қатар бұдан бұрын коммуналдық қызметтер көрсететін барлық субъектілерге Департамент төтенше жағдайдың қолданылуы кезеңінде қалыптасқан берешектер бойынша тұрғын үй-коммуналдық қызметтерін тоқтатпау туралы ұсыныс хат жолдаған болатын.