Бұл туралы МО қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте МО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламасы басқармасының басшысының орынбасары Әсет Шопанов хабарлады.
Бүгін, біз тағыда 42 500 теңге – әлеуметтік төлем жөнінде әңгіме қозғаймыз. Сіздердің назарларыңызға, бүгінгі күні облысымызда 231 мың өтініш түсті, оның 104 мың өтініші тіркеуден бас тартылды. Қалған 127 мың өтініш бойынша электрондық іс макеті жасақталып, 1 724 өтініш Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорымен бас тартылды. 98 494 адамға 4,2 млрд теңге көлемінде әлеуметтік төлем төленді.
Сонымен қатар, Қағидаға есеп шотты көрсетпей өтініш беру мүмкіндігі қарастырылып, өзгеріс енгізілді. Қазіргі таңда әлеуметтік төлем тағайындалған 3 260 адамның есеп шотын көрсетілуін күтілуде.
Естеріңізге сала кетейін, қолданыстағы Қағидаларға сәйкес төтенше жағдай кезеңінде қызметтің шектелуіне байланысты әлеуметтік төлем табысынан айырылған келесі санаттағы тұлғаларға беріледі:
- жеке кәсіпкерлерге және шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің, ал карантин енгізілген елді мекендердегі ірі кәсіпкерлік субъетілерінің жалақысы сақталмайтын демалыстағы қызметкерлеріне;
- жеке практикамен айналысатын адамдарға (нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, медиатор, репетитор);
- бірыңғай жиынтық төлем төлеушілерге, ЕСП деп те айтамыз;
- азаматтық – құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс табатын тұлғаларға;
- мемлекеттік және квазимемлекеттік мекемелерді қоспағанда, коммерциялық емес заңды тұлғалардың жалақысы сақталмайтын демалыстағы қызметкерлеріне.
Сонымен қатар, өзін – өзі нәтижесіз жұмыспен қамтығандарға, яғни бейресми, салық органдарында жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей, осы күнге дейін ЕСП төлемей, бірақ өзінің тіршілігін жасап, жұмыс жасап, былай айтқанда тиын – тебенің тауып жүрген адамдарға осы әлеуметтік төлемді алуға мүмкіндік бар. Ол үшін азаматтар ЕСП төлеу арқылы өз ісін заңдастыруы қажет. Яғни бүгін ЕСП төлеп, келесі күні әлеуметтік төлемге өтініш бере алады. Ол қалалықтар үшін 2 651 теңге, ауыл тұрғындары үшін 1 325 теңге.
Анықтама үшін:
Бірыңғай жиынтық төлемді азаматтар екі жолы арқылы төлей алады.
Бірінші – Халық банк, Fortebank, Сбербанк, Jysan bank, Bank Center Credit, Каспи банктің мобильді қосымшаларында және «Қазпошта» бөлімшелерінің мобильді қосымшаларында;
Екінші – SMS – арқылы төлеу. Ол үшін 5505 нөміріне SMS жіберіп, қала тұрғындары үшін «GORODESP ИИН», ал ауыл тұрғындары үшін «SELOESP ИИН» деп көрсету қажет.
Әлеуметтік төлем алуға өтінімді eGov порталы, 42500.enbek.kz сайты немесеTelegram мессенджеріндегі «Mangystau42500Bot» арқылы беруге болады.