Телеграм мессенджерінде "42 500" әлеуметтік төлемді алуға өтінім беруге арналған жалған боттардың пайда болғанын бұрын да хабарлаған едік. Жалған боттар азаматтарға бірыңғай жиынтық төлемді (БЖТ) және басқа да төлемдерді төлеу үшін банк шотын ұсынады. Ресми боттар ешқандай банк шотын ұсынбайды. Алаяқтардан сақ болыңыз!
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мұндай телеграм-боттардың жалған екенін және оларға алданып қалмауыңызды ресми түрде ескертеді.
Аймақ тұрғындарынан 42 500 теңге жәрдемақыға өтінімді төменде көрсетілген ресми бот арқылы беруді сұраймыз. Бұл боттар тек өтінім қабылдайды және қандай да бір шотқа төлем төлеуді ұсынбайды.
https://t.me/Mangystau42500Bot
Сондай-ақ, egov.kz және 42500.enbek.kz. сайттары арқылы да өтінім бере аласыз.