Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры сақтандырылмағандарға медициналық көмекті алу құқығы ұзартылғандығы туралы хабарлайды.
ӘМСҚ-ға аударымдар мен (немесе) жарналартүсірмеген тұлғалардың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекті алу құқығы 2020 жылдың 1 шілдесіне дейін ұзартылды.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап МӘМС-ке толық көшу үшін қажетті дайындық жұмыстарын жүргізді. Алайда, қазіргі жағдайды ескере отырып, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойыншаса сақтандырылмағандарған азаматтардың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекті алу құқығы 2020 жылдың 1 шілдесіне дейін ұзартылды. Бұл туралы кеше ҚР президенті Қ.К.Тоқаев өз мәлімдемесінде атап өтті. Бұл оңтайлы шешім деп есептеймін, - дейді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Маңғыстау филиалының директоры Руслан Бектубаев.
Осы мерзімге дейін елдің барлық азаматтары, МӘМС қатысушы статусына қарамай, шартты сақтандырылған болып саналады және медициналық көмекті алуына тиіс деп түсіндірді филиал мамандары.
Қазір елде шамамен 16,4 миллион адам сақтандырылған. Оның ішінде 11 миллионға жуығы әлеуметтік осал топтардың өкілдері. Олар үшін жарналарды мемлекет жасайды. Осылайша, ел халқының жартысынан көбі автоматты түрде сақтандырылған.
Қазақстанда МӘМС жүйесі биыл 1 қаңтардан бастап іске қосылды. Өткен кезеңнің қорытындылары бойынша бұрын ақылы болып есептелетін КТ/MРТ, ультрадыбыстық қызметтерді тұтынудың өсуі байқалады. Сондай-ақ, оңалту және қалпына келтіру емдеріне де сұраныс бар.
Қор пациенттердің құқығын қорғауға бағытталғандықтан, медициналық ұйымдардың көрсеткен қызметтерінің сапасын тексергеннен кейін ғана, олар бойынша ақысын төлейді.
Жеңілдік кезеңінде әр азамат өзінің сақтандыру мәртебесін анықтап, жарналарды төлеп, МӘМС қатысушысы болуы тиіс.