Бұл туралы Маңғыстау облыстық ақпараттық арнасы хабарлады.
"Кеше кешке тіркелген 50 жастағы ер адамның әйелінен де түнде коронавирус анықталған. Шұғыл боксқа жатқызылды. Ал, қызының сараптамасы теріс нәтиже берді. Жалпы науқаспен байланыста болды деген 44 адам оқшауланып, ауруханаға жатқызылды", делінген ақпаратта.
Айта кетейік, кеше Маңғыстау облысында коронавирус жұқтырған екінші адам тіркелген болатын.
Қазіргі уақытта облыста коронавирус індетін жұқтырғандар саны үшке жетті.