Бұл туралы mangystaumedia.kz сайты Маңғыстау облысы "Қоғамдық коммуникация орталығына" сілтеме жасай отырып хабарлайды.
"Науқас Ақтауға іссапармен келген 50 жастағы Қызылорда облысының тумасы. Оның коронавирус инфекциясын жұқтырғанын бүгін жасалған сараптама нәтижесі растады. Қазір науқастың уақытша тұрып жатқан үй кіреберісі (Ақтау қаласындағы 11-шағын ауданда орналасқан 10-үй) карантинге жабылды. Онымен тікелей байланыста болған тұлғалар бірден оқшауланып, ауруханаға жатқызылды. Науқаспен қарым-қатынаста болған басқа да азаматтар анықталып жатыр. Дәрігерлер Ақтау қаласының тұрғындарын сақ болуға шақырады. Толығырақ ақпаратты ертең Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығында өтетін брифингте мамандар баяндап береді", делінген ақпаратта.
Айта кетейік, Маңғыстау облысында коронавирус жұқтырған екінші адам тіркелген болатын.