Бұл туралы Ақтау қаласының баспасөз қызметі хабарлады.
"Біз адамбыз, біз біргеміз" қайырымдылық қоры мен Ш. Есенов атындағы университет студенттерінен құралған еріктілер тобы әр сенбі күні көмекке мұқтаж жалғыз басты зейнеткерлерге, мүгедектерге және тұрғылықты мекен-жайы жоқ азаматтарға ыстық тамақ үлестіреді. Бүгін олар үйі-күйі жоқ 75 адамды тамақтандырып, елдегі төтенше жағдайға байланысты бетперделер де таратты.
"Біз орталығымызда киім- кешектерді де қабылдаймыз. Оларды мұқтаж жандарға таратамыз. Бізге әр ауданнан да көмек сұрап келетіндер көп. Олардың дені көпбалалы, аз қамтылған отбасылар. Бұл акцияны әр сенбі күні өткіземіз. Осы сәтті пайдалана отырып, барша тұрғындары қайырлы іс жасауға шақырамын. Сондай-ақ, біз азық-түлікті де қабылдаймыз. Олардан ас пісіріп, көмекке мұқтаж жандарға ыстық тағам жасап береміз", дейді қайырымдылық қор директоры Иман Досмухамбетов.
Қайырымдылық көрсету орталығы 32 в шағын аудан, 12 үй, Шаңырақ" тұрғын-үй кешенінде орналасқан. Қайырымды іске әрқайсымыз өз үлесімізді қоса аламыз!