Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында карантин режимін сақтаудың маңыздылығын атап өтті.
«Екі негізгі қалада карантин режимін қатаң сақтау – баршамызға ортақ міндет. Бұл індетке жайбарақат, бей-жай қарауға болмайды. Қойылған талаптарды орындау қажет. Үкімет қысқа мерзім ішінде азаматтарды бетпердемен және антисептиктермен қамтамасыз етуі тиіс», - деп жазды Президент Twitter-де.