Бұл туралы қоғам белсендісі Жақсыгүл Маханбетова фейсбук парақшасында жазды.
"Ел басына қиын қыстау іс түскенде өкпе ренішті артқа ығыстырып, қиындықты бірге еңсеру қазақтың ата бабасынан қалған ізгі қасиет. Барлық өңірлерде мұқтаждарға азық түлік, дәрі дәрмекпен көмектесуге бел шешіп кірісіп жатқан кәсіпкерлердің бастамалары соның куәсі. Індеттің атын да атағым келмейді зардабы қандай болары бір құдайға аян. Сондықтан Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың арнайы қор құру және оған еліміздің бетке ұстар кәсіпкерлерін қолдауға шақырған ұсынысын бас көтерер азаматтар қолдайтыны сөзсіз. Арнайы құрылған қор, жиналған қаржы халыққа ауқымды көмек көрсетуге мүмкіндік бере алады", деп жазды ол фейсбук парақшасында.