Бүгін Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Әлихан Қыраубаевтың төрағалығымен Маңғыстау облысында әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі жедел штабтың алғашқы отырысы өтті.
Күн тәртібінде азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері жөнінде Кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы В. Мұстапаева баяндама оқыды. Ал Еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Ә. Іңкәров кәсіпорындардағы еңбек ақысының берешектері туралы айтты.
Сонымен қатар атаулы-әлеуметтік көмекті тағайындау туралы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ж. Досполова баяндады. Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының міндетін атқарушы С.Нарешова бюджетті оңтайландыру туралы ақпаратпен бөлісті.
Айта кетейік, ҚР Премьер-Министрі А. Мамин республикалық Жедел әрекет ету штабының алғашқы отырысын өткізген болатын.