19 қарашада өткен сайлау қортындысы бойынша Мұнайлы аудандық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 19 қарашасындағы № 15 шешімімен Баянды ауылының әкімі лауазымына Бектұрлы Ибраев сайланды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бектұрлы Амангелдіұлы 1989 жылы 17 сәуірде Маңғыстау облысы Шетпе ауылында дүниеге келген. Білімі - жоғары. 2013 жылы орталық Азия университетін «Мұнайгаз ісі» мамандығы және 2017 жылы Қазақстан инновациялық және телекоммунациялық жүйелер университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын 2006 жылы Газ құю бекетінде оператор қызметінен бастаған.
2007-2013 жылдары аралығында «Шыны пластикалық құбырлар зауыты» ЖШС қоспа дайындаушы қызметін атқарған.
2015-2022 жылдары Баянды ауылы әкімінің аппаратында инструктор, бас маман болды.
2022 жылдан бастап бүгінге дейін Баянды ауылы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
Аудан әкімі Ержан Күмісқалиев қызметке кіріскен ауыл әкімін таныстырды. Алда атқарылар жұмыстарды тапсырып, қызметіне сәттілік тіледі.