«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының қорытындысы бойынша Асхат Хасенов ұлттық компанияның басқарма төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Бұл туралы ұлттық компанияның баспасөз қызметі мәлімдеді.
А.Хасенов басқарма төрағасы лауазымымен қатар ҚМГ директорлар кеңесінің құрамына сайланды.
Ол еңбек жолын 2005 жылы «Торғай Петролеум» АҚ мұнай және газ өндіру цехының 3-разрядтағы операторы болып бастаған. 2006 – 2010 жылдары «Мұнай және газ өнеркәсібінің бас диспетчерлік басқармасы» АҚ жетекші маман, бас маман, мұнай-газ кен орындарын игеру мониторингі бөлімінің бастығы, директордың орынбасары, департамент директоры, вице-президенті болды.
2011-2019 жылдары ҚР мұнай және газ министрлігінде Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің меминспекция және рұқсат беру басқармасын, мұнай химия және техникалық реттеу департаментін басқарды.
2019 -2022 жылдары - «KLPE» ЖШС Басқарма төрағасының орынбасары. «ҚазМұнайГазға» тағайындалғанға дейін 2022 – 2024 жылдары аралығында ҚР энергетика вице-министрі болып қызмет етті.
Айта кетейік, 15 мамырда бұған дейін компанияны екі жылдан астам уақыт басқарған Мағзұм Мырзағалиев қызметінен босатылған еді. Сонымен бірге, кеше Құрманғазы Есқазиев «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма басқарма төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды.