«Baytaq» жасылдар партиясы Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы болып Серик Гусман сайланды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
«Саяси партиялар туралы» Заңның 10-бабына сәйкес 2022 жылғы 28 қарашада Әділет министрлігі «Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы» қоғамдық бірлестігін тіркеді. Азаматтардың саяси ұйымы қоршаған орта мен экология тақырыбын қозғайды, Қазақстанның табиғи байлығы мен биологиялық әртүрлілігін сақтау мен көбейту, жасыл экономика мен инновациялық технологияларды дамыту, табиғи ресурстарды орынды пайдаланудың жалпы әлемдік қағидаттарын енгізу және өзге де маңызды міндеттерді мақсат етеді.