Ақтау қалалық дене шынықтыру, спорт және туризм бөліміне қарасты «Маңғыстау-Арена» балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің басшысы болып Халиманов Нұрбол Аминұлы тағайындалды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Нұрбол Аминұлы 1984 жылы12 мамырда дүниеге келген.
Біліктілігі – жоғары санатты жаттықтырушы. Білімі – жоғары.
2002-2006 жылдары Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін «Дене тәрбиесі және спорт», 2016-2018 жылдары Алматы Менеджмент Университетіндк «Іскерлік әкімшілік» магистрі мамандықтары бойынша оқып, бітірген.
Еңбек жолын 2006-2016 жылдары Бейнеу ауданы Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебінде мұғалім болып бастап, директордың оқу-тәрбие жөніндегі орынбасары қызметін атқарған.
2017-2018 жылдары Маңғыстау облысы мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде самбо күресінің жаттықтырушысы болған. 2018 жылы «Бейнеу ауданы әкімдігінің Бейнеу аудандық балалар жасөспірімдер спорт мектебі» КММ-де оқу ісі орынбасары қызметін атқарды.
2020 жылдан бастап осы уақытқа дейін «Бейнеу ауданы әкімдігінің Бейнеу аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ басшысы қызметін атқарды.