©
Бүгін «Caspian Youth Forum» халықаралық жастар форумының пленарлық отырысында Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов дәл осылай деді.
– Мұнай – халықтың байлығы емес, жай ғана шикізат, нағыз байлық – біздің жеріміз бен халқымыз. Бар мұнайдың түбінде таусылатыны елге белгілі. Ол 10-15 жылдан соң аяқтала ма, әлде 50-100 жыл керек пе? Анығын біз білмейміз. Бір білетінім, мұнаймен шектелсек, қатты қателесеміз. Қызмет көрсету аясындағы жұмыстарға аса назар аудару керек, - деді облыс әкімі.
– Таяуда маған бір журналист Сиқырлы таяғыңыз болса, Маңғыстауда нені өзгертер едіңіз деп сұрақ қойды. Мен облыстағы орта және шағын бизнесті 80%-ға көтерер едім деп ойлаймын. Өйткені, халықтың тұрмысын, әл-ауқатын жақсарту – алғашқы мақсатымның бірі. Ұлыбританияда халықтың ішкі тауар айналымының өнімі 80%, 9%-ы ғана өндірістен тұрады екен. Ал бізде 60% өндіріс саласынан тұрып отыр.
Тағы оқыңыздар: Дамыған елдердің кішігірім елдерден үйренері көпАйта кетейік, Маңғыстау өңірінің потенциалы өте жоғары. 5 мемлекетпен шектесіп жатқан Қазақстандағы жалғыз облыс. «Өңірдегі әрбір саланың мүмкіндігінің тетігін табатын болсақ, Маңғыстау елінің хал-ахуалын көтеруге болар еді. Жастардың санасы биік болса, жаһандану дәуірінде болып жатқан әр түрлі қауіп-қатерден сақтана аламыз», - деген пікірін айтты облыс әкімі.
Айгүл ДӘДЕН
Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="36669,36671,36670"]