Сағат санап, сәт санап өзгеріс пен күйзеліске, жаңа құндылықтар мен сын-қатерлерге толығып жатқан әлемдік ахуал кімді де болсын ойландыратыны – сөзсіз. Келешегіміз кемелдену үшін, ұрпағымыздың тағдыры жарқын болу үшін «Жаңа Қазақстан» құруға әр азамат атсалысуы керек. «Партия барлық реформаға ұйытқы болуға тиіс. Ол үшін өзгерісті алдымен өзімізден бастауымыз керек. Сондықтан бүгінгі күн тәртібіндегі негізгі мәселе – Партияны жаңғырту» - деді, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Nur Otan» партиясының ХХІІ съезінде. Дана халқымыз «Елу жылда ел жаңа» демей ме?! Заманының жаңарғанында талап та жаңаша көрініс табуы тиіс. 23 жылдан бері партиямыз жұртымызды бір мақсатқа жұмылдырып, көптеген бастамалар мен игі істер атқарғандығы баршамызға аян. Осындай аумалы-төкпелі уақытта еліміз дамудың келесі кезеңіне қадам басты.
Президентіміз айтқандай: Заман, қоғам, адам өзгеріп жатқанда, партияның өзгеруі – заңдылық. Осыған орай, саяси ұйымның атауын «Аманат» деп , өзгертілді. Бұл – еліміз үшін де, ұлтымыз үшін де айрықша мәні бар киелі ұғым деп есептеймін. Қазір партиялар арасында бәсеке күшейе түсуде. Осы орайда біз партиямыздың басты саяси күш ретіндегі рөлін сақтауымыз қажет. Бұл – өте маңызды міндет. Басқаша айтқанда, ұйым әрдайым ел мүддесін қорғайтын нағыз халықтық партия болып қалуы керек. Осы орайда, партия өз жұмысын жандандырып, ұйымның рөлін күшейте түскені жөн. Партия барлық реформаға ұйытқы болуға тиіс. Ол үшін өзгерісті алдымен өзімізден бастауымыз керек. Сондықтан бүгінгі күн тәртібіндегі негізгі мәселе – Партияны жаңғырту. Егемендігіміз, елдігіміз бен бірлігіміз, кең байтақ жеріміз – бізге бабалардан жеткен аманат. Осы қастерлі құндылықтарымызды көздің қарашығындай сақтап, болашаққа мирас етуіміз керек. Мемлекеттілік дәстүр жалғастығы, ұрпақ сабақтастығы дегеніміз – міне осы. Халқымыз ешқашан аманатқа қиянат жасамаған. Партия бұл қағидатты берік ұстанады.
Қазіргі таңда қаңтардан бастама алған дау-дамайларды шешу жолында партия депутатары аянбай еңбек етіп келеді. Әсіресе еңбек дауына байланысты, Жаңаөзен қаласындағы белең алған жұмыссыздықтың мәселесі, яғни кезекке тұрған халықтың сенімінің ақталмауы, соның ішінде отбасындағы табыс көзінің аздығы, әл-ауқатын төмендеуі, елдегі кезек күттірмейтін мәселелер, халықтың ашынуына әкеліп соқты.
Осындай жағдайларды нақты шешу, «АMANAT» партиясының негізгі проблемаларының бірі болуы керек деп есептеймін. Аты айтып тұрғандай «АMANAT» деп өзгертілген партияға қарапайым халық шүбәсіз сенетіндей, және де туындаған проблемаларды партия арқылы шеше алатындай жағдайда болуы, партия мүшелерінің негізгі міндеті болуы тиіс.
Осы орайда, Жаңаөзен қаласынан сайланған депутат ретінде халықтың мәдениетін, әл-ахуалын, әлеуметтік жағдайын көтеретін, бір сөзбен айтқанда аз уақыт ішінде қаланы жаңартатын нақты стратегиялық мақсаттармен орындалатын жоспарды құрып, нәтижесін шығару керек.
Қасым-Жомарт Кемелұлының 16 наурызда ұсынатын саяси реформаларынан нақты тапсырмалар мен шешу жолдарын күтеміз. Өйткені, президентіміз айтқандай орындалмайтын уәделер беріп, халықты босқа үміттендірмеу керек.
Абылай хан айтқандай: «Алтай мен Атыраудың арасындағы Ұланғайыр алқап, көшпенді Қазақ жұртының бағзыдан бергі ірге тепкен ата қонысы. Ұланғайыр атырап, Ертіс пен Еділдің, Арқа мен Алатаудың арасы Қазақтың алтын бесік ата жұртын болашаққа аманаттау қазіргі ұрпақтың парызы. Елдің бірлігін нығайтып, Жаңа Қазақстанды құру – бәрімізге ортақ міндет. Осы міндетті абыроймен атқарсақ, болашағымыз баянды болмақ. Партияның әрбір мүшесін бұл жауапкершілікті терең сезініп, аянбай еңбек етуге шақырамын! «Береке басы – бірлік» екенін әрдайым есте сақтайық. Жаңа Қазақстанды бірге құрайық! Еліміз аман жұртымыз тыныш болсын.
Зина Ноғаева,
Облыстық мәслихат депутаты.