Партияның кезектен тыс XXII съезінде, партияның жаңғыртудың басым бағыттары белгіленді. «Елдігіміз бен бірлігіміз, кең байтақ жеріміз, салт-дәстүр, тіліміз – бізге ата-бабалардан жеткен аманат. Осы қастерлі құндылықтарымызды көздің қарашығындай сақтап, болашаққа мұра етуіміз керек. Мемлекеттілік дәстүр жалғастығы, ұрпақ сабақтастығы дегеніміз – міне осы. Халқымыз ешқашан аманатқа қиянат жасамаған. Елдің аманатынан асқан жауапты іс жоқ!»-деп, Президент нақты айтты.
Партиямыздың жаңа атауы енді «AMANAT» болды!
Жасыратыны жоқ, енді жасандылыққа, қағазбастылыққа, бюрократияға жол жоқ, әр фракция депутаты халықпен байланысты нығайтып әр мәселенің шешілуіне жұмыстануымыз керек. Партияның ашықтығы ғана халықты өзіне топтастыра алады. Билік пен халықтың арасында көпір болу керекпіз. Бітпейтін іс пен орындалмайтын құрғақ уәде бермеу керекпіз, заңсыз өтініштерді талап қойған сайлаушыға түсіндірудің өзі жұмыс!
Олардың қатарында халықтың әр түрлі топтармен жұмыс істеу және «Jas Otan» жастар қанатының жұмысын қайта жандандыру мәселелері бар.
Алдымен жастар арасынан көшбасшыларды анықтау, жаңа буыннан тұратын саясаткерлерді дайындау, партия жұмысының ашықтығын арттыру, халықпен кері байланыс тиімділігін арттыру, кеңестерді ашық өткізу, Жастарға арналған «Өрлеу», «Қайсар» жобасы іске асады. 2030 жылға дейін «Бақуатты қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты» бағдарламасын жаңарту, 2025 жылға дейін партияның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасын қайта қарау ұсынылды.
Жаңа Қазақстан – бұл проблемаларды ашық айтып қана қоймай, оны шешудің жолдарын іздегенімізде!
Президент айтқандай, Партия барлық реформаға ұйытқы болуға тиіс. Ол үшін өзгерісті алдымен өзімізден бастауымыз керек. Сондықтан бүгінгі күн тәртібіндегі негізгі мәселе – Партияны жаңғырту.
Әр аудан, ауыл, қалада халықпен Қоғамдық қабылдаулардың көптеп өтуіне мұрындық болу керекпіз! Әр БПҰ өзінің мүшелерімен, жұмысшыларымен кез-келген мәселені шешуге, жұмыс берушіге жеткізуге жұмыстануы керек.
Президент Қ.Тоқаев 16 наурызда саяси реформалардың жаңа бағдарламасын ұсынатынын айтты. Қазір партиялар арасында бәсеке күшейе түсуде. Осы орайда біз партиямыздың басты саяси күш ретіндегі орынын сақтауымыз қажет. Бұл – өте маңызды міндет. Партиямыздың қай салада болмасын фейсбукте өзіне деген сенімін күшейтетін уақыт келді. Адалдық пен әділдік, жауапкершілік, ашықтық, жеделдік біздің ұранымыз болуы керек!
Халық бізден оң өзгерістерді күтеді.
Ел бірлігін нығайтып, Жаңа Қазақстанды құру үшін барлығымыз жұмыла жұмыстану керекпіз.
«Төртеу түгел болса төбедегі келеді» дегенді әрдайым есте сақтайық!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Партиямыздың жаңа атауы құтты болсын!
Киікбай Ешманов,
Облыстық мәслихат депутаты.