2 маусым күні «AMANAT» партиясы жанындағы Жастарды қолдау жөніндегі Маңғыстау облыстық кеңесінің отырысы өтті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Кеңес отырысында жасөспірімдер, жастар арасында электронды темекі мен вейптің жаппай таралуы, есірткі заттарының, соның ішінде синтетикалық есірткінің таралуы көтеріліп, талқыланды.
Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты, кеңес төрағасы Абзал Марат күн тәртібіндегі мәселелерді зерделей келе, қоғамның дертіне айналған нашақорлықпен күресу жолында ақ халатты абзал жандардың рөлі ерекше екенін атап өтті. Осы ретте ол медицина саласындағы кадр жетіспеушілігі туралы депутаттық сауал жолдады. Яғни, елдегі басқа өңірдегі дәрігерлерге жергілікті бюджет есебінен қосымша әлеуметтік көмек қарастыруды ұсынды.
Еске сала кетсек, қазіргі таңда Маңғыстау облысында 250-ге жуық дәрігер тапшылығы бар