Дзюдодан Рабатта (Марокко) жоспарланған әлемдік Гран-при кезеңі өткізілмейтін болды. Бұл туралы халықаралық дзюдо федерациясы ресми сайтында мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Халықаралық дзюдо федерациясының күнтізбесіне сәйкес рейтингілік турнир 6-8 наурыз күндерге жоспарланған еді. Марокко үкіметі коронавирус эпидемиясының таралуының алдын алу мақсатында елде болатын барлық қоғамдық іс-шаралар мен спорттық шараларды уақытша тоқтатты.
Айта кетейік, аталған додаға қатысу үшін әлемнің 94 елінен 561 дзюдошы тіркелген болатын. Ал ел атынан 15 дзюдошы қатыспақшы болған.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА