«Каспий» футбол клубы жаңа маусымға арналған алғашқы оқу-жаттығуын Түркияда өткізді. Дайындық жұмыстары 7-25 қаңтар күндері аралығында болған, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты «Каспий»ФК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жергілікті футбол құрамасы Түркиядағы спорт зал және жасыл алаңда дайындықтарын өткізіп, жаттығуларды жоғары деңгейде жүргізіп келді. Сондай-ақ оқу-жаттығу барысында үш жолдастық кездесу өткізді.
Алғашқы жолдастық ойын 15 қаңтар күні өткен. Онда Болгария чемпионатының 31 дүркін чемпионы, Софияның «ЦСКА» командасымен кездескен. Нәтижесінде «Каспий» футбол клубы 4:0 есебімен ұтылып қалған.
Содан соң жергілікті «Каспий» футбол командасы румындық «Академикамен» жолдастық ойын өткізді. Ойын барысында жергілікті ойыншы Александар Станисавлевич қарсылас команда қақпасына гол салып, есепті (1 :1) теңестірді.
https://www.instagram.com/p/B7qyFbKHXql/
Ал үшінші кездесу Болгария чемпионатына қатысатын «Этыр» командасымен өтті. Ойын нәтижесі бойынша «Каспий» футбол клубы 1:0 есебімен жеңіс жетті.
«Осы аптада «Каспий» футбол клубы өз дайындығын Ақтауда өткізеді. Содан кейін Түркияның Анталия қаласына қайта барып, ақпанның 1-25 күндері аралығында оқу-жаттығуды жалғастырады. Қазіргі таңда футболшылар құрама іріктеуінен өтіп жатыр», - дейді «Каспий»ФК баспасөз қызметі.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА
Суреттерді «Каспий»ФК ұсынды