Маңғыстау өнерпаздары, атап айтар болсақ Мұрат Өскінбаев атындағы облыстық филармонияның «Ақжарма» фольклорлық ансамблі мен «Жорға» би ансамблі Аустрия және Латвия мемлекеттеріндегі Қазақстан елшілігінің арнайы шақыртуымен Наурыз мерекесіне арналған салтанатты шараға қатысу үшін аттанды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Қоғамдық Коммуникация орталығына сілтеме жасап.
Спикердің айтуынша, Наурыз айының 10-17 аралығында өнерпаздар Латвия және Аустрия мемлекеттеріндегі Наурыз мерекесіне арналған шараға қатысты. Ал, 12 наурыз күні Аустрия мемлекетінің Астанасы Вена қаласындағы Musikverein Wien концерт залында және 13 наурызда Austrian National Library кітапханасы сахнасында өнер көрсетті. Ал, 14 наурыз күні Латвия астанасы Рига қаласындағы Mercure Riga Centre Hotel қонақүйіндегі Латвиядағы елшіліктің ұйымдастырған арнайы шарасында, 15 наурыз күні VEF Kultūras Pils концерт залында өнер көрсетті.
- Атап өтсек, Венадағы Карлсплатц алаңында орналасқан Wiener Musikverein деп аталатын әледегі үздік үш концерттік залға кіретін филанмония сахнасында аустриялықтарға «Қош келдің, Наурыз!» атты бағдарламасын ұсынды. Сондай-ақ, концертке келген көрермен қазақ ұлтының дәстүрлі ән, күй, билерімен қатар, бастаңғы, сыңсу, беташар, қыздар мен жігіттердің айтысы, шашу және т.б салт-дәстүрлерді тамашалады. Театрландырылған қойылымымызда әртістер сахналық киімдерін бірнеше рет ауыстырып, сан-алуан ұлттық киімдердің салтанатын көрсете білді. Концерт соңында қатты қызығушылық танытып, қошеметін аямаған аустриялықтарға биске екі бірдей шығарма орындады. Осылай 10-16 наурыз аралығында Еуропада өнерпаздар төрт бірдей концерт қойып, қазақ ұлтының мәдениеті мен өнерінің мерей-мәртебесін асырды, - деді Әбілқайыр Байпақов.
Сонымен қатар, өңір өнерпаздары Латвия астанасы Рига қаласына наурыз тойын тойлап, барша көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады.
Мұрат Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясының директоры Данияр Сағынғалиұлы, өнерпаздар 14 наурызда Латвияның астанасы Ригаға Наурыз мерекесін ұсынғанын атап өтті. Сондай-ақ, 823 жыл тарихы бар әсем қала өз ерекшеліктерімен жылы қарсы алды. Латвиядағы Қазақстан елшілігінің ұйымдастыруымен @filarmonya_aktau әртістеріне ауқымды экскурсия өтті. Экскурсия барысында ортағасырлық шіркеулер, мұнаралар, Риганың кезіндегі адам жазалаушысының үйі, замануй ғимараттар және көздің жауын алар әдемі «Черноголовые» үйі, жергілікті тұрғындар жақсы көретін Әулие Петр шіркеуі, түрлі ескерткіштер туралы ақпараттар алды. Онымен қоса, Алғашқы келген күннен керемет қонақжайлықпен қарсы алып, әрі қарай жоспарланған сапар кестесін уақытылы кәсіби деңгейде ұйымдастыра білген Латвиядағы Қазақстан елшілігіне үлкен алғыс!, - деді Данияр Сағынғалиұлы.
Аталған шарада Мұрат Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясының домбырашылар ансамблі өнер көрсетті.
Салтанатты шараға латвиялық саяси қайраткерлер, дипломатиялық корпустың мүшелері, іскерлік, БАҚ, қоғамдық және мәдени ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ Латвияда тұратын қазақтар қатысты.