Спектакль ежелгі Мысырда мәмлүктер мемлекетінің негізін қалап, ұзақ жылдар бойы билік жүргізген тарихи тұлға Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығына арналмақ. Сонымен қатар биыл халық әртісі Нұрмұхан Жантөриннің туғанына 95 жыл толды. Осы мерейлі датаның құрметіне орай, «Бейбарыс Сұлтан» премьерасы көрерменге жол тартып отыр, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
Қойылымда Қыпшақ даласында тұтқынға алынып, жат жерде ерекше ерлігімен құлдықтан хандыққа көтерілген Бейбарыс сұлтанның өмірі сахналанады. Оның тарихи болмысы мен қайраткерлігі режиссердің шешіміне сай көркемделген.
Қойылым сценарийінің авторы – Әлия Исаева. Қоюшы-режиссері – мәдениет саласының үздігі, «Шапағат» медалінің иегері Серік Сариев.
Бұл қойылымды 14 жастан жоғары көрермен тамашалай алады. 31 қаңтар күні, кешкі сағат 19:00-де Н.Жантөрин атындағы музыкалық драма театрының үлкен залында көрсетіледі. Билеттер ticketon.kz сайтында және театр кассасында сатылады.