Үстірттің басында, Сисем Ата асында ұлттық салт-дәстүр дәріптелді, ұлттық ойындардан бәйге өтіп, ер-азаматтардың білек күші сыналды. Шабаңдоздар бір-бірін шаң қақтырса, палуандар боз кілемде белдесті. Ерлік – елдің қасиеті, жүректілік – жігіттің қасиеті. Осы ретте ел ішінде ерлік көрсетіп, жүректілік танытқан шымыр балуандар да сынға түсті. Асқа келушілер тек дастарханнан дәм татпай, қызыққа толы қазақша күрестің куәсі болды. Жеңіс үшін талпынған намысты ерлер дүйім жұртты өзіне қаратты. Нәтижесінде маңғыстаулық спортшы Нұрдәулет Жарылғапов «Қара бура» түйе палуан атанды. https://www.youtube.com/watch?v=B9I0qvV48x8 [caption id="attachment_85209" align="alignnone" width="1024"] Суретті түсірген Серік Майемеров[/caption] Ресейлік Аслан Ханбиев финалда қарсыласына есе жіберіп 2-орынды қанжығасына байлады. Ал 3-орын киелі Түркістаннан келген Ерсұлтан Мұзапаровқа бұйырды. Жеңімпазға Ақтау қаласынан бір бөлмелі пәтер берілсе, екінші орын алған палуан 1 миллион қаржылай сыйлықты иеленді.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА
Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="85207,85208,85204,85199,85198,85205,85201,85197,85200"]