©
Қылмыстық іс мерзімі апта, айларға созылмайды. Адамдар мен заңды органдардың уақытын үнемдеу үшін жаңа пилоттық жоба жүзеге асырылады. Егер күдікті қылмысын мойындаса, іс 3, 7 күннен арыға созылмайды. Бұл туралы бүгін брифингте Маңғыстау облыстық прокуратура басқарма басшысының орынбасары Жандарбек Спан мәлімдеді. - Бізді дәлел жеткілікті болса да, қылмыстық іс айлап тергеледі. Жәбірленушілер, куәлар бар жұмысын, бизнесін ысырып қойып, күндеп, тіпті апталап тергеу органдарында жүруге мәжбүр. Сол себепті пилоттық жоба негізінде қылмыстық істің мерзімін барынша қысқарту мәселесі алға қойылды. Дәлелденіп тұрған, яғни күдікті тұлғасы бар істер бұрынғыдай 1-2 ай емес, 3 күнде, бір аптада тергеліп, сотқа жолданады, - дейді облыстық прокуратура басқарма басшысының орынбасары Жандарбек Спан. Бұл «Жеделдетілген мерзімдегі сапалы сотқа дейінгі тергеп-тексеру» жобасы аясында жүзеге асырылып жатыр. Бұдан бөлек, алдағы уақытта қылмыстық кодекстің барлық нормалар компьютерде цифрлануы үшін жұмыстар жүргізілуде. Прокурор сот шешімін компьютерде енгізген кезде, бұл жүйе қателерді қызылға бояп, бірден шығарып береді. - Бұл қандай қателер? Жаза тым қатал немес негізсіз жеңіл емес пе, режим түрі қаншалықты дәл таңдалды, конфискация жасау керек пе, қосымша жаза қалып қойған жоқ па, тағы басқа 100-ден астам параметрге жауап береді, - дейді Жандарбек Қуанышұлы. Қысқасы, қылмыстық іс процесін оңтайландырудың қарапайым қоғам үшін де, заңды органдар үшін де маңызы өте зор.Айгүл ДӘДЕН