11 шілдеде Елбасы «Қазақстан Республкасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына сәйкес келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойды.
Заңнамаға көптеген өзгерістер енгізілген. Бұл өзгерістер Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республкасының Кодексіне де қатысты.Басты жаңалықтардың бірі әкімшілік істер бойынша заңды күшіне енген сот актілерінің Жоғарғы Сотта қаралу тәртібі өзгерді. Енді соттың қаулылары Жоғарғы Соттың Төрағасы мен Жоғарғы Соттың мамандандырылған сот алқасының төрағасының бастамасымен қайта қаралуы мүмкін.
Бұл үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылған тұлға, жәбірленуші, олардың заңды өкілдері, қорғаушылардың өкілдері Жоғарғы Сотқа ұсыныс енгізу туралы өтінішхат беруге құқылы.Мұндай құқық орталық мемлекеттік органдарға да берілген.
Ұсынуды енгізу туралы өтініш-хат Әкімшілік кодекстің 848-бабында көзделген тараптарға сәйкес болуы тиіс.
Бұл ретте процеске қатысушылар міндетті түрде өтініш-хаттарда мыналарды көрсетуі қажет:
Мұндай тараптар кассациялық наразылық келтіру туралы прокуратура органдарына берілетін өтінішхаттарда да көрсетілеуі тиіс.
Аталған негіздер Әкішілік кодекстің 851-бабының 5-бөлігіне сәйкес Жоғарғы Соттың заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарау үшін ерекше жағдайлар болып табылады.
Заңның тараптары 2017 жылғы 25 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
Толесбаева Сарсенкуль,
Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының жетекші маманы