«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Маңғыстау облысы бойынша филиалына облыс тұрғындары түрлі мәселелермен жиі жүгінеді. Біз сіздерге жиі қойылатын сұрақтарға жауап дайындадық», - деп хабарлады Маңғыстау филиалында.
Егер емханада қажетті маман болмаса және пациент өзіне қажетті қызметті ала алмаған жағдайда не істеу керек?
Медициналық ұйым Қормен қандай да бір медициналық қызметтер көрсетуге шарт жасасқан кезде аталмыш қызметтерді толық көлемде ұсынуға міндеттеме алады. Егер Өнім берушінің медициналық қызметтерді өз бетінше көрсетуге мүмкіндігі болмаса, ол Қордың тізіміндегі Өнім берушілерінің арасынан бірлесіп орындаушыны тартуға міндетті.
Емделуші жолдама бойынша медициналық қызметті сол жерде алады. Егер бірлесіп орындау шарты болмаса, ол міндетті түрде жасалуы керек.
Біздің емханада бейінді мамандарға жазылу үнемі толық болады. Науқас қабылдауды қанша күн күте алады?
Жіті және кезек күттірмейтін жағдайларда пациентке медициналық көмек дереу көрсетіледі. Жоспарлы түрде пациент консультацияларды немесе диагностикалық қызметті 10 күннен артық күтпеуі тиіс, әйтпесе бұл құқық бұзышылық болып саналады. Қор халыққа көрсетілген қызметтер үшін ақы төлеуді медициналық көмек көрсету сапасына мониторинг жүргізілгеннен кейін ғана жүзеге асырады. Шарт талаптарын мониторингілеу ережесінде ақау қарастырылған, яғни КДҚ күтудің ұзақтығы 10 күннен асады. Егер емхана өз пациенттерін жоспарлы консультациялармен және тексерулермен уақытында қамтамасыз етеалмаса, ол халыққа уақтылы қызмет көрсету үшін бірлесіп орындаушыларды таруы тиіс.
Адамдар жеке клиникаларға баруға мәжбүр болады, ал онда барлық қызметтерді ақылы түрде алуы қажет, МӘМС жүйесі осыны көздейді деген рас па?
Керісінше, МӘМС-ті енгізу кезіндегі мақсаттардың бірі жеке клиникаларды Өнім берушілер қатарына қосу есебінен медициналық ұйымдардың арасындағы бәсекеге қабілеттігі арттыру болды. Емханалар бірлесіп орындау шартын жасау және өз пациенттерін Қордың өнім берушісі болып табылатын кез келген клиникаға немесе емханаға жіберу құқығын алды, ал пациенттер өз емханасынан алған жолдама бойынша қажетті қызметті алуға болатын клиниканы таңдау мүмкіндігіне ие болды.
Д витаминіне талдау жасау сақтандыру пакетіне кіре ме? Мен оны әдетте ақылы түрде жеке зертханада тапсырамын.
Д витамині, көптеген басқа зертханалық талдаулар сияқты, МӘМС пакетінде қарастырылған. Тексеруге жолдаманы учаскелік дәрігер немесе қолдағы бар көрсеткіштердің негізінде бейінді маман береді.
Медициналық ұйым ақылы тексеруден өтуді ұсынады, бірақ мен сақтандырылған тұлға ретінде оны МӘМС бойынша өтуді қалаймын. Осыған байланысты Қордың ұстанымы қандай?
Ақылы қызметтерді медициналық ұйым шарттық негізде және азаматтардың өздерінің бастамасы бойынша ғана, оның ішінде мамандардың жолдамасынсыз көрсете алады. Бірақ ТМККК және МӘМС бойынша қызмет көрсететін медициналық ұйымдарға көрсетілімдер бойынша пациентке тиесілі және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне кіретін медициналық көмекті ақылы негізде ұсынуға тыйым салынады. Бұндай құқық бұзышылық орын алған жағдайда, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзышылық туралы» Кодексінің 424 бабымен әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Қор емделушінің құқығын қорғайды және халыққа ақылы негізде медициналық қызметтерді заңсыз көрсету мәселесінде қырағылық танытады. Пациенттер тарапынан ақылы қызметтерге жіберу туралы жүгінулер болған кезде Қордың срапшылары жоспардан тыс мониторинг жүргізеді. Егер факт расталған жағдайда, онда осы медициналық ұйымға айыппұл санкциялары қолданылады.
Медициналық көмек алуға қатысты сұрақтарыңыз болса, емханаңыздағы Пациенттерді қолдау қызметіне хабарласуыңыз керек.
Егер жағдайды сол жерде шешу мүмкін болмаса, Қордың ресми кері байланыс арналары арқылы хабарласуға болады: Байланыс орталығы 1406, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы, Қордың www.fms.kz сайты, Telegram-дағы Saqtandyry-бот.