Облыстық онкологиялық диспансерінің мамандары тұрғындарды қатерлі ісік ауруларына тегін тексеруден өтуге шақырады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Қабылдауды аса білікті онкологтар, маммологтар, гинекологтар мен хирургтар жүргізеді. Ашық есік күні келушілер компьютерлік томография, сандық, төмен дозалы маммография, бронхоскопия сынды қызмет түрлерін ала алады. Барлық диагностикалық тексерулер көрсеткіштер және қажеттілік бойынша мамандардың тағайындауымен жүргізіледі.
Асқазанды тексеру аш қарынға жүргізіледі. Колоноскопияға дайындық мәселелері бойынша орталыққа хабарласуға болады: 8-702-230-19-55 және 8-708-604-24-92 нөмірлі ұялы телефондарына хабарласып, кеңес ала ала аласыз.
Қабылдау 27- тамыз күні, сағат 09:00-ден 14:00-ге дейін, 1- "А" шағын аудандағы онкологиялық орталықта өтеді.